×

«Алматы облысында мектеп директорының жеке дәретханасы бар». Министрлік тексеріс жүргізеді

Әжетханасы далада орналасқан әлі 10 мектеп бар

 Дәурен Ерболат 21.05.2024 | 15:27
көрнекі фото: Halyq Uni

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы облысына қарасты Төңкеріс ауылы мектебінде түсірілген видеоға қатысты түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода мектеп директорының өзіне жеке дәретхана ашып алғанын, ал 100-ден астам мұғалім бір әжетханаға баруға мәжбүр екені айтылған.

Алдымен бұл деректің қаншалықты рас екенін анықтап алайық. Өндіріске, білім сапасына, мектеп жұмысын үйлестіруге келтірілген басқа да залалдар болса, тиісті қатаң шаралар қолданылады. Тексеру соңын күткен дұрыс деп ойлаймын, - деді министр.

Сондай-ақ ведомство басшысы мектептегі дәретхана тақырыбы үнемі қоғам наразылығын тудыратынын жеткізді.

«2021 жылы осы мәселе көтерілгенде мектеп сыртындағы дәретханалар саны 2,7 мың болған. Бүгінде атқарылған жұмыс нәтижесінде әлі мектеп сыртында орналасқан 10 әжетхана бары анықталып отыр.

Бұдан бөлек, мектеп ішіндегі жылы әжетханалар болғанына қарамастан сырттағы әжетханаларды толық жойылмағанын көріп отырмыз. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Мектеп сыртындағы әжетханаларды түгел алып тастау үшін мектеп ішіндегі әжетханалар санын тиісті деңгейге жеткізу керек.

Әрбір жағдайға жеке-жеке тапсырмалар берілді. Жаздың 3 айында бұл мәселені толықанды шешуге тырысамыз. Дегенмен, 10-20 бала оқитын шалғайдағы мектептер бар. Биыл онда әжетхана орнату мәселесін толық шешу керек. Жалпы жаңа оқу жылында мектеп сыртында дәретханалар болмауға тиіс», - деді Ғани Бейсембаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама