×

Биыл елімізге 300 мыңға жуық шетелдік турист келген

Олардың басым көпшілігі – Ресей Федерациясының азаматтары

 Динара Амантай 15.08.2022 | 15:02
Фото: sport.kg

Жыл басынан бері Қазақстанға шетелден 300 мыңға жуық турист келген. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

еQonaq ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, жыл басынан бері ел аумағына 280 397 шетелдік турист келген. 2020 жылғы қарашада іске қосылған жүйе қазіргі уақытта республикалық маңызы бар 3 қаланы және 14 облыс орталығын қамтиды.

еQonaq жүйесі туристік ағымға талдау жүргізуге және көші-қон қызметін тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Мұнда 7300-ден астам орналастыру орны тіркелген.

Биылдың өзінде статистикаға сай шетелдік туристер басым өңірлер қатарында:

- Алматы (73 012 адам);

- Нұр-Сұлтан (44 859 адам);

- Қызылорда облысы (9735адам);

- Маңғыстау облысы (9384 адам) бар.

Олардың 67% - ын Ресей Федерациясынан, 16% - ын Өзбекстаннан, 6% - ын Түркиядан, 4% - ын ҚХР-дан және 7% - ын басқа мемлекеттерден келген туристер құрайды.

Айта кетсек, eQonaq.kz сайтында ай сайын шетелдік туристер бойынша статистикалық мәліметтер жарияланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама