×

Орташа құны – 160 457 теңге: ресейліктер Қазақстанға ұшақ билетін көп іздеген

Әсіресе Мәскеу, Петербор және Новосібір қалалары арқылы көп іздейді

 Еркеғали Болатұлы 15.08.2022 | 13:28
фото: ашық дереккөз

Биыл жазда Ресей азаматтары Қазақстанға ұшақ билетін былтырғыдан 2 есе көп сатып алған. Бұл туралы Aviasales.kz сайты хабарлады.

Биыл Қазақстанға апаратын билеттерді іздеу бойынша да, брондау бойынша да ресейліктер рейтингтің көш басында. Әсіресе Мәскеу, Петербор және Новосібір қалалары арқылы көп іздейді, - делінген зерттеуде.

Сарапшылардың мәліметінше, биыл жазда Ресейден Қазақстанға ұшу үшін сатылған билеттердің орташа құны 160 457 теңге болған. Ал Өзбекстаннан келу билеті, керісінше, 38 пайызға төмендеп, 66 495 теңге болып отыр.

Күзде де трендтің осылай жалғасатыны болжанған. Себебі Ресей, Түркия, Германия, Грузия, Өзбекстан, Белорусь және Оңтүстік Корея елдері Қазақстанға күзгі саяхат жасауға қызығады.

Қорыта айтқанда, сарапшылар 2021 жылдың жазымен салыстырғанда Қазақстанға апаратын билеттерге сұраныс ресейліктер арасында – 95 пайыз, немістер арасында – 85 пайыз, түріктер арасында 43 пайыз болғанын анықтапты. Сондай-ақ Беларусьтен – 60 пайызға және Чехиядан 16 пайызға өскен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстаннан Қытайға ұшу үшін арзан билеттің бағасы 1,3 млн теңге болғанын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама