×

Шымкентте 9 жасар баланы тоқ соқты

Қазір ол ауруханада жатыр

 Халық үні 06.08.2022 | 18:17
Фото: ашық дереккөздерден

Таңертең сағат 09.25-те «103» қызметіне жасөспірімді электр тоғы соққаны жайлы хабарлама түскен. 2013 жылы туған жеткіншек Еңбекші ауданы, Ерімбетов көшесіндегі көпқабатты үйдің жертөлесінде электр қалқанын ашып, басынан жарақатын алған. Электр тоғының соққысын алған бала есінен танып қалыпты. Оған «Бас терісінің күйігі, 3 дәрежелі электр жарақаты, жағдайы ауыр» деген диагноз қойылды. Жасөспірім қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама