×

Сапасыз жолдарды қабылдап алғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр

Ең нашар жолдар Шымкент, Маңғыстау және Алматыда анықталды

 Динара Амантай 02.08.2022 | 15:35
Фото: newsroom.kz

Биыл жергілікті жолдардың сапасына бақылау жүргізу барысында 2,5 мың сынама немесе 28%-ы талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жол құрылысының сапасын жақсарту үшін Министрлік келесідей жүйелі шаралар мен жаңа тәсілдерді әзірлеп жатыр:

  1. Кепілдік кезеңінде ақаулар пайда болған жағдайда техникалық, авторлық қадағалау және Тапсырыс берушінің жауапкершілігін күшейту көзделеді.
  2. ФИДИК элементтерін енгізу арқылы (мердігерлер, тапсырыс берушілер және инженерлер арасындағы өзара қарым-қатынас, әлемнің 100-ден астам елінде қолданылады) толық аяқталған схема бойынша EPC келісімшарттарын енгізу (жобалау, пайдалану және құрылыс).
  3. Жаңа технологияларды енгізу және кадрларды даярлау.

Бұдан басқа, сапаны қамтамасыз ету және жергілікті атқарушы органдарға қаржылық тәуелділікті жою үшін «Көлік туралы» Заң жобасының шеңберінде бірыңғай шартқа қол қою тетігі уәкілетті органмен және Сапа орталығымен пысықталатын болады. Бұл шартқа қарамастан әкімдіктердің атына ескертулер беруге және олардың міндетті түрде орындалуын талап етуге мүмкіндік береді.

Биыл жергілікті жолдардың сапасына бақылау жүргізу барысында 9 мыңға жуық сынама алынды, олардың 2,5 мың сынамасы немесе 28%-ы талаптарға сәйкес келмейді. Сәйкессіздік бойынша көшбасшылар Шымкент (71%), Маңғыстау (61%), Алматы (56%), ШҚО (49%), БҚО (43%), Түркістан қ. (40%) болып табылады, – делінген хабарламада.

Ескертулерге қарамастан, тапсырыс берушілер объектілерді қабылдап жатыр. Мұндай фактілер бойынша кейбір өңірлерде қылмыстық істер қозғалды. Оның ішінде Ақтөбе облысында сапасыз орындау және Сапа орталығының ескертулерінен кейін қабылдау фактісі бойынша Экономикалық тергеу департаменті қылмыстық іс қозғаса, Шымкент қаласында актілерге жалған қол қою фактісі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іс қозғады.

Сонымен қатар министрліктің мәліметінше, аталмыш салада қаржыландыруды тепе-тең бөлу мәселесі өзекті болып отыр. Міндеттемелерге қарамастан жекелеген облыстар бұл талаптарды сақтамайды Атап айтқанда БҚО, СҚО, Қостанай, Павлодар облыстарында осындай келеңсіздіктерге жол берілген.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша республиканың орташа көрсеткіші 80% бола тұра өңірдегі жолдардың нормативтік жай-күйі 39%-ды құрады.

Батыс Қазақстан облысына биыл 2,6 млрд. теңге бөлінді, бұл барлық бюджеттің 10%-ын (қажетті қаржыландыру 30% кезінде) құрап отыр (РБ-23,7 млрд. теңге).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама