×

Оңтүстік Кореяда бір топ қазақстандық қамауға алынды

Оңтүстік Корея еліне турист болып барған бір топ Қазақстан азаматы әуежайдағы жертөледе қамалып отыр

 Халық үні 30.07.2022 | 15:31
Фото: видеодан кадр

Бұл туралы тележурналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, Сыртқы істер министрлігінен көмек сұраған жерлестеріміздің видеосын жариялады.

Ондағы мәліметке сүйенсек, отандастарымыз кеше, 29 шілде күні Инчхон әуежайынан түскен. Туристік визамен шет ел асқан оларды иммиграция қызметі құжаттарын ашып қарамастан өзгелерден бөліп әкетіп, жертөлеге қамап қойған. Бір тәуліктен бері отандастарымыз нәр тартпақ түгілі су да ішпепті.

Сыртымыздан қамап кетті, не үшін екенін ешкім түсіндірмеді. ҚР Оңтүстік Кореядағы Елшілікте 3 күн демалыс екен. Консулдықпен байланыса алмай жатырмыз, бізге көмектесіңіздерші!" дейді жыларман жастар, — деп жазды журналист.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама