×

СҚО-да тағы да бір қаржы пирамидасы әшкереленді

Шығын сомасы 4 миллион теңге болды

 Динара Амантай 28.07.2022 | 17:36
Коллаж: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысында «HERMES LTD» қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру фактісі анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2019-2022 жылдар аралығында «HERMES LTD» жобалары аясындағы инвестициялық депозиттер бойынша қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту негізінде халық қаражатын тарту арқылы қаржылық пирамида ұйымдастырылды. Осылайша, олар қаржы пирамидасына активтерді тартуды қамтамасыз етті, – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық іс бойынша үш жәбірленуші танылып, олардың жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық шығынға ұшырағаны белгілі болды.

Қазір аталған жағдайға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін қаржы пирамидасының 10 белгісі туралы жаздық. Бұған қоса қаржы пирамидаларына қатысты тергеу тәсілінің өзгергені туралы жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама