×

Қаржы пирамидаларына қатысты тергеу тәсілі өзгерді

Биыл 33 қылмыстық іс тіркелген

 Дастан Жұмабекұлы 26.07.2022 | 11:29
Көрнекі фото

Қаржы мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларына қатысты жұмыс тәсілін жетілдіретінін мәлімдеді.

Аналитикалық құралдарды кеңінен қолдану арқылы «жазалаушы» постфакторлық әдістен профилактикалық әдіске көшу іске асырылды. Қолданыстағы заңнамаға қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын сайттарды бұғаттаудың тетігі әзірленді. Қабылданған шаралардың арқасында 3 мыңнан астам сайттар бұғаттауға жіберілді, – делінген хабарламада.

Агенттіктің хабарлауынша, биыл барлығы 28 қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша 33 қылмыстық іс тіркелген.

Сот 7 қылмыстық істі қарады. Олар бойынша 11 адам сотталды. Оның ішінде бір іс шет мемлекеттің (Украина) азаматына қатысты. Барлық сотталған адамдарға 3 жылдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 7 адам 5 жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама