×

Павлодар облысында көлік апатынан бес адам зардап шекті. Оның бірі - жүкті әйел

жол апаты Екібастұз - Солнечный кенті автожолында болған.

 Халық үні 24.07.2022 | 15:43
Фото: ашық дереккөздерден

Екібастұзда жол апаты болып, бес адам зардап шекті. Оның бірі - 20 жастағы жүкті әйел, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Жүкті әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, жүктілікті тоқтату қаупі жоқ, амбулаториялық ем ұсынылды.

Автокөліктің жолда жылқымен соқтығысқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілердегі жергілікті парақшалардың бірінде тараған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, жол апаты Екібастұз - Солнечный кенті автожолында болған.

Салдарынан бес адам зардап шеккен, оның төртеуі Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.

Тағы бір 20 жастағы әйелде мидың жабық жарақаты, бас миының шайқалуы, оң жақ төбе аймақтың жұмсақ тіндерінің, оң тізе буынының жарақаты анықталды. Жағдайы орташа, ауруханаға жатқызудан бас тартты, - деді басқарма өкілдері.

Бұдан басқа, 19 жастағы жігітке бет сүйектерінің жарақаттары диагнозы қойылды, реанимацияда, жағдайы тұрақты ауыр.

34 жастағы ер адам жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған, маңдайының оң жақ тұсы соғылған, сол және оң жақ білектің жұмсақ тіндері жарақаттанған, екі қолы соғылған. Травмотологиялық бөлімде орналастырылды, жағдайы орташа ауыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама