×

Есіктегі атыстан зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр

 Халық үні 24.07.2022 | 11:03
Фото: ашық дереккөздерден

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік қаласында болған атыс кезінде жарақат алған екеудің бірі ауруханада жан тапсырды.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқ тиіп, ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген екі азаматтың бірі көз жұмды.

Дәрігерлер шұғыл ота жасағанымен ауыр жараланғандардың бірін аман алып қалу мүмкін болмады. Ал оқ тиген екінші жәбірленуші жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

 Есікте кеше атыс болып, екі адамды жаралаған күдіктілер із суытқан болатын. Полиция оларды іздестіріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама