×

«30 жылда бір-ақ әйел әкім болған»: елордада билікті көздеген әйелдердің ұйымы құрылды

Қазір екі-ақ әйел саясатта, билікте дейді

 Еркеғали Болатұлы 15.07.2022 | 16:01
Гүлшара Әбдіқалықова, Қазақстанда тұңғыш рет облыс әкімі болып тағайындалған әйел

Әйелдердің көшбасшылық қабілетін дамыту үшін елордада «Томирис» ақпараттық-білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Оған өңірлерден 30 үміткер іріктеліп, арнайы тренингтерге қатысады.

Бұл жоба елді мекендерде табысқа жеткен қыз-келіншектерді қолдауға және оларды елдің саяси-экономикалық өміріне тартуға жол ашпақ.

«Гендерлік теңдікке Қазақстан не үшін қол жеткізуі қажет? Себебі бізде құқықтық емес, әлеуметтік проблемалар болады. Мысалы, биліктегі әйелді олар көргісі келмеуі мүмкін. Биліктегі әйелді олар лайықты емес деп есептеуі мүмкін. Соңғы 30 жылда бізде бір-ақ әйел әкім болған. Қазір екі-ақ әйел саясатта, билікте. Біз осы стереотиптермен күресеміз және эксперттерге қандай да бір гендерлік статистикаларды іздейтін кезде көмектесеміз», - дейді гендерлік экономика зерттеушісі Айгерім Құсайынқызы.

Айтуларынша, бұл бастаманы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен AMANAT партиясы қолдап отыр екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама