×

Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығады

Ол 9 жылға сотталған болатын

 Дәурен Ерболат 12.07.2022 | 11:21
Фото: today.kz, UGC

Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының (Алагөзова) бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сот мәліметінше, Баян Мақсатқызы экс-күйеуі Бақытбек Есентаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға келіскен.

Еске сала кетсек, 2016 жылы Бақытбек Есентаев 9 жылға сотталған еді. Оған өз әйелін өлтіруге оқталды, сондай-ақ сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасады деп айып тағылды.

Сот жабық түрде Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында алқа билерінің қатысуымен өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама