×

Әскери оркестр Астанада мерекелік шеру өткізді

Оркестр елорда тұрғындары мен қонақтарын ерекше тәсілмен құттықтады

 Қымбат Елтайқызы 08.05.2024 | 10:30

Қос мереке аясында Қазақстан Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери оркестрі бас қала тұрғындарына өнер көрсетті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қалыптасқан дәстүр бойынша әскери музыканттар астананың халық ең көп жиналатын орталық саябағында өнер көрсетіп, елорда тұрғындары мен қонақтарын Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады, дейді әкімдік.

ҚР Қарулы күштерінің бас әскери дирижері, подполковник Алмас Ибрагимовтің сөзінше, әскери оркестр ұжымы мұндай жиындарға ерекше мән береді.

«Оркестр ылғи да халық көп жиналатын орындарда, саябақтарда және түрлі ойын-сауық орталықтарында өз өнерін көрсетіп жүр. Жалпы оркестірімізде 34 адам бар. Олар танымал композицияларды орындайды. Жалпы, мұндай жиындар қала тұрғындарының патриоттық сезімін оятады. Бұл жолы да әскери музыканттар тыңдаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай алды деп толық сеніммен айта аламын», - дейді ол.

Бас дирижердің мәліметінше, әскерилер бір сапта тұрып ән орындау үшін ұзақ дайындалады.

«Әскери оркестр мұндай жиынға 2-3 аптадан бастап 2-3 айға дейін дайындалады. Бұл орындайтын композицияның күрделілігіне байланысты. Оркестрге кез келген әскери адамды ала алмаймыз. Ол үшін азаматтың кем дегенде орта музыкалық білімі болуы керек. Одан бөлек, үрмелі немесе соқпалы аспаптарда ойнай алуы қажет», - дейді Ибрагимов.

Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Астанада 7-9 мамырда қандай іс-шаралар өтеді? Қуатты әскеріміз түрлі қатерге сақадай сай тұруға тиіс – Тоқаев. 2024 жылы қазақстандықтар қалай демалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама