×

Елордада 7-9 мамырда қандай іс-шаралар өтеді?

Оған барлық тұрғын қатыса алады

 Дәурен Ерболат 06.05.2024 | 17:55
Фото: egemen.kz

Астанада 7 және 9 мамыр аралығында 50-дан аса түрлі іс-шара өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалада Отан қорғаушы күні және Жеңіс күніне орай 50-ден астам түрлі іс-шара жоспарланып отыр. Олардың арасында концерттер, ғылыми конференциялар, тәрбие сағаттары, қойылымдар және тағы басқа іс-шара бар. 7, 8, 9 мамыр күндері адам көп жиналатын орындарда волонтерлер тарапынан блиц-сауалнама жүргізіліп, қоғамдық орындарда «Жеңіс лентасы» таратылады.

  • 7 мамырда сағат 16:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Қазақстанның күш құрылымдарының шығармашылық ұжымының, эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Отан деп соққан жүректер» атты концерт өтеді.
  • Сондай-ақ осы күні сағат 16:00-де Отан Қорғаушылар күніне орай Орталық Арбатта концерт ұйымдастырылады әрі Қазақстан Қарулы күштері әскери патриоттық оркестрі салтанатты марш өткізеді.
  • 7 мамырда сағат 18:00-де Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Әлия» қойылымы өтеді.
  • 7 мамырда сағат 10:00-де «Ботаникалық саябақта» йогадан шеберлік сағаты ұйымдастырылады.
  • 7, 9 мамырда сағат 12:00 және 16:00-де Қуыршақтар театрында «Әкемнің хаты» ертегісінің қойылымы болады.
  • 8 мамырда сағат 11:00-де Қызмет көрсету және туризм колледжінде Ұлы Отан соғысына арналған дәріс өтеді.
  • 8 мамырдан 13 мамырға дейін сағат 10:00-18:00 арасында Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету орталығында «Отан үшін от кешкендер» көрмесі болады.
  • Сонымен қатар осы күні сағат сағат 18:00-де «Нұрлы жол» бульварында жергілікті тұрғындарға арналып караоке ұйымдастырылады.
  • 9 мамырда сағат 18:00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Тыныштық күзетшісі» спектаклі жоспарланып отыр.
  • 9 мамырда сағат 15:00-де Астана қаласында мүгедектігі бар спортшылардың арасында волейболдан ашық турнир өтеді.
  • 9 мамырда Бауыржан Момышұлының, Рақымжан Қошқарбаевтың, Талғат Бигелдиновтің, Мәншүк Мәметованың, Әлия Молдағұлованың, Иван Панфиловтың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылып, батырлардың ерлігі еске алынады. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған монументалды кешенге де гүл шоқтары қойылады.
  • 10 мамырда сағат 10:00-де Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен нысандарын сақтауды қамтамасыз ету орталығында «Елордадағы қазақ халқының даңқты қыздарына арналған ескерткіштер» дәрісі болады.
  • 10 мамырда сағат 12:00-де Балалар сурет мектебінде Халық қаһармандары Сағадат Нұрмағанбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне арналған «Жеңіс жолдары» сурет көрмесі өтеді.
  • 10 мамырда сағат 10:00-да Сарыарқа ауданының колледж студенттері арасында әскери-патриоттық ойындар жоспарланып отыр.
  • 11 мамырда Астана қаласының үстел теннисінен ашық қалалық турнирі (интеллект), 10-12 мамырда сағат 9:00-да қыздар арасында волейболдан ашық турнир, және мүмкіндігі шектеулі жандар (есту, көру) арасында дойбыдан қаланың ашық чемпионаты, «Толқын» спорт кешенінде байдарка мен каноэ есуден Жеңіс күніне арналған «Көңілді старттар» біріншілігі, 15 мамырда Ботаникалық саябақта Есіл ауданының оқушылары арасында жеңіл атлетикалық эстафета өтеді.
  • 22-24 мамырда Теміржолшылар елді мекенінде Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған «Айбын-2024» әскери-патриоттық жиыны болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама