×

Қайтыс болған маңғыстаулық сарбаздың отбасына қандай көмек көрсетіледі

Қорғаныс министрлігі Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты ақпарат берді

 Ербол Тұрымбет 03.05.2022 | 14:00
коллаж: Halyq Uni

Қорғаныс министрлігі марқұм болған қатардағы жауынгер Әлібек Қалбайдың отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгін елордада брифингте сөйлеген Қазақстан Қарулы күштері бас штабы бастығының орынбасары Серік Борамбаев Әлібекке әлімжеттік жасалу мүмкіндігіне қатысты да түсініктеме берді.

Бізде әскерге шақыру бойынша «бір шақыру» деген принцип бар. Барлығы – күні кеше шақырылған балалар. Қандай жағдай болғанын білу үшін әскери тергеудің шешімін күтейік. Бірақ ондай жағдай болса, қылмыстық іс жүргізіліп, кінәлілер тәртіптік жазаға тартылады. Оның ақпаратын береміз, – дейді Борамбаев.

Ол көмек мәселесіне келгенде, заң бойынша отбасына 500 АЕК төлем берілетінін жеткізді. 

«Және ескерткіш қоюына да бөлінген 80 АЕК қаражат бар. Бұдан бөлек ондай жағдай болған соң, тек үкімет атынан емес, жеке құрам атынан да көмек көрсетілді. Ақшалай да, басқалай да көмек көрсетіліп жатыр», – деп қосты маман.

Оның сөзінше, бұл – Қарулы күштерде осы 4 ай ішінде болған бірінші оқиға. Ұлттық ұлан, шекарашылардың өз басшылары бар, олар қорғаныс министрлігінің құзіретіне жатпайды. 

Айта кетейік, маңғыстаулық қатардағы жауынгер Әлібек Қалбай 22 сәуірде Гвардейск әскери қалашығында орналасқан әскери госпитальде мерт болды. Ол жеке құрамның сапқа тұруы кезінде өзін нашар сезініп, есінен танып қалды.

«Әскерге күштеп жіберді». Қордайда көз жұмған сарбаздың туыстары министрлік мәлімдемесіне сенбей отыр. «Жылап тұрған екі сарбазды көрдім». Әскерде көз жұмған маңғыстаулықтың анасы істі соңына дейін жеткізбек. Қаза болғанға дейін жарақат, көгеру анықталмаған: Генерал-майор сарбаз өлімі жайлы айтты. Тоқаев маңғыстаулық сарбаздың қазасына қатысты жан-жақты тексеруді тапсырды. «Ата-анасынан иіліп кешірім сұрауы керек»: ҚазБаттың экс-командирі сарбаздардың өлімі туралы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама