×

«Әскерге күштеп жіберді». Қордайда көз жұмған сарбаздың туыстары министрлік мәлімдемесіне сенбей отыр

Әскерге шақырылған маңғыстаулық сарбаз төрт күннен кейін қайтыс болды

 Қымбат Елтайқызы 23.04.2022 | 12:40
фото: inaktau.kz

2022 жылғы 22 сәуірде Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде қатардағы жауынгер Әлібек Қалбай қайтыс болды. Таңертең сапта тұрған жауынгер кенеттен есінен танып қалған. Әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетілгенмен, ол есін жимаған күйі көз жұмған. Бұл – Қорғаныс министрлігі таратқан ресми мәлімдеме.

Алайда, Әлібектің туыстары министрліктің мәлімдемесіне сенбей отыр. Олар жас жігітті соққыға жықты деп санайды.

«Қазір оның анасымен бірге мәйітханада отырмыз... Ол басынан бірнеше рет соққы алған, ізі де бар. Бүгін Ақтау қаласына ораламыз. 13 сәуірде оны күштеп әскерге жіберді, 18 сәуірде әскери бөлімшеге жеткізілді. Ал кеше таңертең оның қайтыс болғаны туралы қаралы хабар жетті... Қазақстандықтар білсін, әскерде ұрып-соғады, жас балалар қыршын кетіп жатыр. Оның әскерге барғысы келген жоқ, бірақ оны жұмысынан іздеп, айыппұл саламыз деп қорқытты», - дейді марқұмның туысы Динара Тілесова.

Әскерде жүріп көз жұмған маңғыстаулық сарбаздың туыстары қайғылы жағдайға қатысты тексеру әділетті жүреді деп үміттенеді.

Еске салайық, 2 наурызда із-түзсіз жоғалып кеткен «Андас батыр» шекара бөлімшесінде (Меркі ауданы – авт.) мерзімді қызмет өткеріп жүрген 19 жастағы әскери қызметші, қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердішев 10 сәуірде Қызғызстандағы тау басынан өлі күйінде табылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама