×

Түркияға қашқан экс-генерал Күдебаев кінәсін толық мойындап, жаза орнына айыппұл салуды сұрады

10 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы генерал-майор сот үкіміне апелляциялық шағым түсірген еді

 Халық үні 18.07.2023 | 13:22
Серік Күдебаев, фото: Талдықорғандағы сот отырысынан

Кеген аудандық сотында Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевқа қатысты іс қаралып жатыр. Ол Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтті деген күдікке ілінген.

Сотталушы өкінетінін айтып, кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ елден қашқаны үшін бас бостандығынан айыру мерзімін ұзартпай, айыппұл салуды сұрады.

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы генерал-майорға қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды.

Серік Күдебаевқа сот үкімі 10 наурызда шығуға тиіс еді. Алайда оның ауруханаға түскені хабарланды. Содан кейін сот процесі бірнеше рет кейінге қалды. Содан кейін 3 сәуірде Талдықорғанда өткен сот отырысында прокурор Серік Күдебаевтың қылмыстық ісін тоқтатып, оған халықаралық іздеу жариялауды сұрады.

ҰҚК Шекара қызметі 27 наурызда Серік Күдебаевтың Қазақстаннан кеткенін білген. Оны іздестіруге Ұлттық қауіпсіздік қызметінің 300 қызметкері жұмылдырылған. 27 сәуірде Бас прокурор Берік Асылов Күдебаевтың ұсталғанын растады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама