Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында үкіметтік комиссия құрылып, ауқымды жұмыстар атқарылды
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы жарлықтың жобасы мемлекет басшысының қарауына енгізілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында үкіметтік комиссия құрылып, ауқымды жұмыстар атқарылды. Жарлық жобасын дайындау кезінде аудандық және облыстық мәслихаттар деңгейінде бірқатар жария тыңдау өтті. Сонымен қатар республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтіп, онда жаңа облыстарға атаулар беру туралы ұсыныстар қолдау тапты, – дейді үкімет.
Ауылдық елді мекендерде жергілікті атқарушы органдар тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын өткізді. Президент бастамасы жаңадан құрылатын өңірлердің тұрғындары мен қоғам белсенділері, аудандық әрі облыстық деңгейдегі депутаттар тарапынан қолдау тапты.
«Қоғамдық пікірлер мен ұсыныстар ескеріліп, қайта ұйымдастырылатын және жаңадан құрылатын өңірлердің шекаралары айқындалды. Үкімет қаулысымен Тоқаевтың қарауына тиісті жарлықтың жобасы енгізілді», – делінген ақпаратта.
Қазақстанда жаңадан үш облыс құрылады: Алматы облысы екіге бөлінеді. Жаңа облыстардың құрылуы: Министр қандай өзгерістер болатынын айтты. Абай, Жетісу, Ұлытау: Жаңа облыстарды құру алгоритмі әзірленді. Жетісу жетімсіреп қалмай ма? Талдықорғандықтар әкімшілік бөлініс үшін алаңдап отыр. Абай және ШҚО облыстарына қандай елді мекендер берілетіні белгілі болды.