×

Жаңа облыстардың құрылуы: Министр қандай өзгерістер болатынын айтты

Ол қандай жұмыстар жасалатынын нақтылады

 Қымбат Елтайқызы 18.03.2022 | 10:15
Семей қаласы, фото: ашық дереккөзден

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Президент тапсырмаларын іске асыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізетінін жеткізді.

Министр мәліметінше, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру көзделуде және халық пікірін ескеріп, Қапшағай қаласын қайта атау мәселесі пысықталып жатыр.

Мемлекет басшысының жарлығын дайындау жөніндегі жол картасы әрі оны іске асыру жөніндегі ұйымдастыру шараларының жоспары әзірленеді, — деді Қуантыров үкімет отырысында.

Бұл құжаттарда әкімшілік-аумақтық қайта құруға байланысты мынадай барлық қажетті іс-шара бар:

  • Президенттің облыстар мен елді мекендерді атау (қайта атау) мәселелерін қоса алғанда, облыстарды және олардың шекараларын бөлу (құру) туралы қажетті жарлықтарын әрі үкімет қаулыларын әзірлеу мен қабылдау;
  • жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің штат санындағы өзгерістер;
  • коммуналдық меншікті беру әрі қабылдау;
  • заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу;
  • жаңадан құрылған облыстарда мемлекеттік органдар құру. 

«Бұл облыстардың құрылуы осы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ғана емес, бүкіл экономиканың дамуына оң әсерін тигізеді», — деді Әлібек Қуантыров.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстанда жаңадан үш облыс құрылатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама