×

Қазақстанда жаңадан үш облыс құрылады: Алматы облысы екіге бөлінеді

Семей, Жезқазған, Қапшағай, Талдықорған қалалары облыс орталығы болады

 Ербол Тұрымбет 16.03.2022 | 12:03
көрнекі фото: Жезқазған қаласы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынды. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады.

Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған, - деді Тоқаев.

Одан бөлек, бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады.

Үшінші мәселе. Президент Алматы агломерациясына қатысты түйткілдердің көптігіне, осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынды. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады.

Мемлекет басшысы егер жұртшылық Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру туралы ұсыныс айтса, бұл пікірге қосылатынын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама