×

Бұрынғы әйелінің тұрмыс құрғанын естіген жігіт көпірден секірмек болды (ВИДЕО)

Кейін ол полицейлерге тапсырылды

 Еркеғали Болатұлы 26.06.2023 | 10:25
фото: видеодан скриншот

Қарағандыда көпірден секірмек болған ер адамды жанында өтіп бара жатқандар құтқарып қалды.

Полицияның мәліметінше, оқиға 25 маусымда сағат 21:30 шамасында Бұқар жырау даңғылындағы көпірде болған. Өтіп бара жатқан адамдар 29 жастағы ер адамды көпірден секірмек болған жерінен құтқарған. Кейін ол полицейлерге тапсырылды.

Ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Мұндай қадамға ол ішімдік ішіп алып, бұрынғы әйелінің тұрмысқа шыққанын естігеннен кейін барған, - деді полиция қызметкерлері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама