×

Түркістан облысында жер алғысы келген тұрғын 3 млн теңгесінен айырылды

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 23.06.2023 | 13:33
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында жер алып беруге уәде беріп, 2,7 млн теңгені қолды қылған алаяқ ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтық жөнінде арызданған. Оның айтуынша, танысы 10 соттық жер алып беремін деген желеумен алдын ала 2,7 млн теңге ақшасын алған. Айтқан уәдесінде тұрмай, әбігерге салған ер адамды жауапқа тарту үшін тұрғын полицияның көмегіне жүгінген.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары алаяқтыққа қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, полицияға жеткізілді. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама