×

СҚО-да жол апатынан бес адам қаза тапты

Тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

 Динара Амантай 16.06.2023 | 16:16
Фото: bugin.kz

Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынын бес адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 07.55-те Тайынша ауданы Аймақ ауылының маңындағы Көкшетау – Омбы автожолының 53 шақырымында Lexus және «ВАЗ-2104» автомашиналары соқтығысқан. Алдын ала анықталғандай, Lexus автомашинасы Көкшетау қаласынан келе жатып, қарсы жол жолағына шығып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 адам зардап шекті. Бес адам оқиға орнында қайтыс болды. Оның ішінде екеуі автокөлік жүргізушілері. Қалған зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін Көкшетау қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Жүргізушілерден медициналық куәландыру жүргізу үшін қан алынды.

ЖКО фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама