×

Қызылордада бірнеше дүкенді тонаған 2 күдікті ұсталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 03.05.2023 | 09:50
Фото: polisia.kz

Қызылордада бірнеше дүкенге ұрлыққа түсіп, төлем терминалы мен сейфтен ақша ұрлаған екі азамат ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 29 сәуірде ойын-сауық орталығының қызметкері белгісіз адамдардың пластик терезені бұзып кіріп, 4 дана Playstation және 10 дана джостик құралын ұрлап кеткендігін айтып шағымданған.

Күдіктілерді полицейлер бейнекамералар арқылы анықтады. Қаланың 32-33 жастағы тұрғындары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ заттар тәркіленді, – деді облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Нұғман Аманжолов.

ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тексеру барысында қарақшылардың ұрланған ақшаларды бас пайдаларына жаратқандығы анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама