×

Шымкентте бір отбасы белгісіз заттан уланып қалды

6 адам пәтерден қауіпсіз жерге шығарылды

 Дастан Жұмабекұлы 24.04.2023 | 17:12
фото: otyrar.kz

Шымкент қаласында 1 әйел мен 5 баласымен бірге белгісіз заттан уланып қалды.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, құтқарушыларға әйелдің пәтер есігін ашпағанын оның туыстары хабарлаған. Осыдан кейін құтқару жасағы пәтерге барып, арнайы құралдардың көмегімен есікті ашты. Пәтерден 6 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

1987 жылы туған әйелдің, 2005 және 2003 жылы туған қыздар мен 2011, 2013, 2015 жылы туған ұлдардың уланып қалғаны белгілі болды.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер мен құтқарушылар зардап шеккендерді таза ауаға шығарып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Әзірге әйел мен балалардың неден уланғандығы туралы нақты дерек жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама