×

Оралдық шенеуніктер 5 млн теңгеге 15 орындық сатып алған

Енді олардың орнатылуы, сырлануы, ағаштары, қолданысқа берілуіне қатысты тексеріс жүргізілмек

 Еркеғали Болатұлы 05.04.2023 | 12:02
фото: ашық дереккөз

Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы 15 орындықты 5 миллион теңгеге сатып алған. Яғни әрқайсысы 333 мың теңге тұрады.

Жұртшылық шенеуніктер қазына қаржысын босқа рәсуа қылды дейді. Ал заңгерлер орындықтың дизайны қолайсыз екенін айтады. Арқалығы тым биік әрі жерге дұрыс бекітілмеген.

Бір отырғышқа 333 мың теңге – өте қымбат. Өйткені оның өзіндік құны – ішіндегі 30% табысымен қазіргі құнының жарты бағасы, яғни 150 мың теңге. Барлық жерде әрбір тендердің ішінде откаты мен парасы бар. Ол бәріне де белгілі, - дейді заңгер Бауыржан Зәки.

Ал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының айтуынша, орталық көшелердегі орындықтардың көбі жарамсыз болып қалған. Сондықтан олар ерекше дизайндағы осындай орындықтарды шұғыл түрде сатып алуға мәжбүр болыпты.

Мына жерде ең басты мәселе – әлеуметтік желілердегі резонанс. Халық өте көп жазып кетті соңғы кезде. Сол уақытта мәселені тез арада шешу үшін 15 отырғыш алынды, 5 миллион теңгеге. Менің өз ойым, бұл жерде нарықтың бағасы деп есептеймін.

Отырғыштардың орнатылуы, сырлануы, ағаштары, қолданысқа берілуі жөнінде толық тексеріс жүргіземіз», - деді «Астана» телеарнасына берген жауабында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Азамат Халелов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама