×

Полиция астаналық жүргізушілерге қатаң ескерту жасады

Биыл елордада 157 мыңнан аса жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелген

 Дәурен Ерболат 30.12.2022 | 14:57
Фото: kstnews.kz

Астанада полиция қызметкерлері Жаңа жыл қарсаңында жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті, деп хабарлады Polisia.kz.

Қыста жолға шықпас бұрын ауа райы болжамы туралы хабарламаны назарға алған жөн.

Мереке күндері полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істейді әрі жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтау үшін рейдтер жүргізеді. Сондай-ақ патрульдік полицейлер мас жүргізушілерді анықтауға ерекше назар аударады.

Жолда өте мұқият болыңыздар! Жолға шыққанда ауа райы қолайсыз болса (көктайғақ, боран, тұман), сақ болған жөн, - деді полиция қызметкерлері.

Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада 157 мыңнан аса жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелген. 1 240 мас жүргізуші ұсталды. Көлік басқару құқығынан айырылған әрі мас болған 59 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қалада жол апаты болған жерден полицияға хабарламай, кетіп қалу дерегі де жиі кездеседі.

Жүргізуші жол апатына түсіп, оқиға орнынан кетіп қалса, оған 50 АЕК (172 500 теңге, 2023 жылдан бастап 1 АЕК – 3 450 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 1 жылға көлікті басқару құқығынан айырылады. Егер ол осындай әрекетке қайта барса, 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынады немесе 100 АЕК (345 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама