×

СҚО-да интернет арқылы есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

Күдікті ешқандай жерде жұмыс істемеген

 Дәурен Ерболат 20.12.2022 | 16:15
Фото: nash-krai.ru

Петропавлда интернет арқылы синтетикалық есірткі сатқан 25 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ол Telegram-дағы есірткі сататын дүкеннің әкімшісі болды әрі синтетикалық есірткіні жасырын сатты деген күдікке ілінді.

25 жастағы жігіт спайсты Петропавлда сатқан. Оның тұрғылықты жерін тексеру барысында 5,32 грамм есірткі анықталды. Сараптама қорытындысы оның спайс екенін анықтады.

Заңға сәйкес, синтетикалық есірткінің 1 грамының өзі ірі көлем болып саналады.

Күдіктінің ешқандай жерде жұмыс істемейтіні, есепте тұрмағаны анықталды.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде тіркелді. Тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері облыста есірткі сатудың 74 дерегі анықталды, - деді СҚО ПД Есірткіге қарсы күрес басқармасының басшысы Иван Терзиди.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама