×

Мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді - Смайылов

Бұл заңнамалық түзетулер Үкімет қорытындысының жобасына енгізілген

 Еркеғали Болатұлы 07.11.2022 | 16:35
фото: ашық дереккөз

Ел заңнамасына мемлекеттік тілді білмейтіндерді азаматтыққа қабылдаудан бас тартуды көздейтін түзету әзірленді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылды.

Қазір «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға мемлекеттік тілді, тарих пен ұлттық заңнаманың негіздерін білмеуді азаматтыққа қабылдаудан және қалпына келтіруден бас тарту үшін қосымша негіз ретінде көздейтін, сондай-ақ қос азаматтығы фактілерінің алдын алуға бағытталған түзетулер әзірленді, - делінген Үкімет басшысының мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, аталған заңнамалық түзетулер Парламент депутаттары бастама жасаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қос Палата депутаттарының түзетулеріне және Үкімет қорытындысының жобасына енгізілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама