×

Қордайда аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған Қырғызстан азаматы ұсталды

Оның көлігінен 10 келіден аса психотроптық зат табылды

 Динара Амантай 17.10.2022 | 15:53
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғыз Репсубликасының азаматынан аса ірі көлемде есірткі затын тәркіледі деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қазанда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Қордай» автомобильдік өткізу пунктінде контрабандалық есірткінің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кескен.

Қырғыз Республикасы азаматының басқаруындағы көлікті тексеру кезінде 10 келіден аса психотроптық зат табылды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда 5 есірткі зертханасының табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама