×

Ирандағы 130 адам қаза тапқан қақтығысқа студенттер де қосылып жатыр

Әли Хаменей шеруге шыққандарға қарсы күш қолданып жатқан қауіпсіздік қызметкерлерін толық қолдайтынын айтты

 Еркеғали Болатұлы 04.10.2022 | 16:25
фото: ашық дереккөз

Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменей елдегі шеру мен тәртіпсіздіктерге қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады. Оның пікірінше, Ислам Республикасының ондаған қаласында өткен, 130 адам қайтыс болған наразылық акцияларын АҚШ пен Израиль ұйымдастырды-мыс.

Сондай-ақ Әли Хаменей шеруге шыққандарға қарсы күш қолданып жатқан қауіпсіздік қызметкерлерін толық қолдайтынын айтты. Соңғы мәліметке қарағанда, қарсылық шарасына Тегеранның Шариф атындағы технологиялық университетінің студенттері де қосылған. Оларды полицейлер көзді жасаурататын газбен таратып, 30 шақты адамды тұтқындады.

Еске сала кетсек, бұл шеру 22 жастағы Махса Әминидің қазасынан кейін басталған. Ол өткен айда Тегеранда хиджабты дұрыс тақпады деген айыппен тұтқындалып, полицейлердің көлігінде соққыға жығылып, комаға түсіп, қайтыс болды деген болжам бар. Алайда тәртіп сақшыларының айтуынша, Әмини «кенеттен жүрегі тоқтап» жантәсілім еткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама