×

Ұлытау мен Қарағанды әкімдіктері бар жерді ұқсата алмай отыр

Солтүстік Қазақстан мен Жетісуда жайылым тапшылығы жоқ

 Бауыржан Мұқанов 23.02.2023 | 16:13
Коллаж: Halyq Uni

Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облысындарында жайылым жерлер артылып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni аталған өңірлердің әкімдіктеріне сілтеме жасай отырып. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аталған өңірлерден бөлек батыстағы үш облыста да жайылым жердің жетіп артылатынын жазған едік. 

Есесіне, АтырауШығыс ҚазақстанТүркістанҚызылорда және басқа да бірқатар облыстарда жайылым жер тапшы екені белгілі. 

ЖЕТІСУДА 4,5 МЛН ГЕКТАР БОС ЖАТЫР

Жайылым жер артылып жатқан өңірлердің бірі Жетісу облысы. Облыстың жер қоры 11,8 млн га. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 4,6 млн гектар, соның ішінде:

  • егістік – 532,9 мың гектар, оның ішінде суарылмалысы – 200,4 мың гектар;
  • көп жылдық екпелер – 2,3 мың гектар;
  • тыңайған жерлер – 46,8 мың гектар;
  • шабындық – 126,7 мың гектар;
  • жайылым – 3,8 млн гектар;
  • басқа жерлер – 78,4 мың гектар.

Сонымен қатар, облыстың босалқы жер қорында 4,5 млн га жер бар. Атап айтақанда, көп жылдық екпелер – 1,1 мың гектар, тыңайған жерлер – 22,6 мың гектар, шабындық – 136,7 мың гектар, жайылым – 2,8 млн гектар.

Облыста 2022 жылы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесіне құқық беру бойынша 14 конкурс өткізілді. Конкурста 102 928 га құрайтын 397 жер учаскесі табысталды (Ақсу ауданында 249 учаске, көлемі 72 738 га, Алакөл ауданында 15 учаске, көлемі 134,1 га, Ескелді ауданында 26 учаске, көлемі 197 га, Қаратал ауданында 55 учаске, көлемі 27 196 га, Кербұлақ ауданында 32 учаске, көлемі 1578,5 га, Көксу ауданында 14 учаске, көлемі 240,9 га, Сарқан ауданында 6 учаске, көлемі 844 га).

Жетісу облысы бойынша 2022 жылы пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 128,5 мың гектар ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып, жоспар орындалды, – деп жауап берді әкімдік. 

Қайтарылған жерлер орналасқан орны көрсетіле отырып облыстың өңіраралық геоақпараттық жүйесіне енгізілді.

Биыл 220 мың га пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жоспарлануда.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫ ӘЛІ КӨБЕЙЕДІ

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 7,3 млн га құрайды, оның ішінде егістік жерлер 4,9 млн га, жайылым 2,0 млн га. Өңірде ауыл шаруашылығы жерлерінің тапшылығы жоқ. 

Бос жер учаскелері ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін жалдау құқығын беру бойынша конкурстар өткізу арқылы беріледі.

Былтыр 304,1 мың га пайдаланылмайтын жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, оның ішінде егістік  23,5 мың га, жайылым 260,3 мың га.

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті 2023 жылға 330 мың га пайдаланылмаған жерлерді қайтару бойынша тапсырма жеткізді.

СҚО бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің деректері бойынша өткен жылы 376,4 мың га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері анықталды, биыл оларды мемлекеттік меншікке қайтару шаралары қабылданатын болады, деп хабарлайды әкімдік.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ТАПШЫЛЫҚ ТА, АРТЫҚ ЖЕР ДЕ БАР

Облыс бойынша жалғыз Бұқар-Жырау ауданында 200 мың гектар жайылымға тапшылық бар, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігі.

Әкімдіктің мәліметінше, 2022 жылы 1 млн 232,2 мың гектар пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылық жер қайтарылды.

2023 жылы 580 мың гектар ауыл шаруашылық жері қайтарылады, – дейді әкімдік.

Облыста 11 млн 960,1 мың ауыл шаруашылық жері бар. Оның ішінде егістік – 1 млн 322,1 мың, шабындық 177,1 мың, жайылым 9 млн 938 мың гектар.

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫН ШЕШУГЕ БОЛАДЫ

Ұлытау облысы бойынша Жезқазған, Сәтбаев, Жаңаарқа өңірлеріде ауыл шаруашылғы жерлеріне тапшылық байқалмайды. Ал Қаражал қаласына ауыл шаруашылғы жерлеріне тапшылығы бар.

Қаражал қаласына ауыл шаруашылғы үшін 120 000 га жайылымдық жерді қажет етеді. Жаңаарқа ауданының жерлері есебінен Қаражал қаласының шекараларын өзгерту және ұлғайту жоспарлануда, осы мақсаттар үшін 2023 жылға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді, осыған байланысты халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жайылымдық жерлерге қамтамасыз етілетін болады, – делінген әкімдіктің ресми жауабында.

2022 жылы Ұлытау облысы бойынша пайдаланылмай жатқан 59 шаруа қожалығының жалпы алаңы – 69 941 гектар жер телімін пайдаланбауына байланысты мемлекет меншігіне қайтарды. Сонымен қатар жер ресурстарын басқару департаментімен бірлесіп 250 000 гектар пайдаланылмай жатқан жер телімін мемлекет меншігіне қайтарып, айналымға енгізу жоспарлануда.

Ұлытау ауданы бойынша 6 687 962 гектар ауыл шаруашылық мақсатына арналған  жерлер. Оның ішінде: егістік жер – 51 731  гектар, тыңайған жер – 52 708 гектар, шабындық – 59 821 гектар, жайылым – 6 437 196 гектар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама