×

Түркістанда әкесінің көлігін рұқсатсыз мінген жасөспірім адамды қағып, мерт қылды

Жассөспірім басқару жүйесін игере алмай қалған

 Халық үні 18.09.2022 | 06:17
фото: stan.kz

Түркістан облысының Қайнар ауылында әкесінің көлігін рұқсатсыз мінген жасөспірім адамды қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Рolisia.kz телеграм каналы.

«16.09.2022 жылы сағат 9:00 шамасында Ордабасы АПБ-ға хабарлама түсті. Полицейлер «LADA 211440» маркалы көлікті жүргізген жасөспірім басқару жүйесін игере алмай, жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, қыз баланы қағып кеткенін анықтады.

Кәмелет жасына толмаған қыз жедел жәрдеммен орталық ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған. Ал, жасөспірім көлік жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Белгілі болғандай, жасөспірім жігіт әкесінің үйде жоқтығын пайдаланып, көлігін рұқсатсыз мініп кеткен», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама