×

Тоғыз боксшымыз жеңіске жетті

Бес былғары қолға иесі қарсыластарынан ұтылып қалды

 Дастан Жұмабекұлы 15.09.2022 | 16:12

Сербияның Суботица қаласында бокстан жастар арасында өтіп жатқан «Воеводинаның алтын қолғабы» халықаралық турниріне 21 елден 189 боксшы қатысып жатыр. Турнир 14 қыркүйек күні басталды. Ол 18 қыркүйекке дейін болады.

Осымен 40-рет жалауы көтерілген дүрмекті додаға қатысушылар арасында Қазақстан құрамасының қыздары мен жігіттері де бар. Бұл жарыс бокс әлеміндегі ең мықты турнирлердің бірі. Осы турнирде 13-27 қараша күндері Испанияда жастар арасында өтетін әлем чемпионатына қатысушылар іріктеледі. Турнирге қатысушы елдер қатарында АҚШ, Әзербайжан, Бельгия, Босния және Герцеговина, Болгария, Хорватия, Финляндия, Франция, Германия, Үндістан, Италия, Қазақстан, Черногория, Солтүстік Македония, Жаңа Зелендия, Норвегия, Шотландия, Сербия, Словения, Таиланд және Украина бар.

Кеше турнирдің алғашқы жарыс күні өтіп, Қазақстан құрамасы сапында Ислам Сексенбаев (46 кг), Егор Егоров (75 кг), Оралбек Әбдіқадыров (57 кг), Иван Ермоленко (+92 кг), Ислам Советов пен Сағындық Базар (екеуі де 71 кг), Нұрлыбек Өзембаев (63,5 кг), Виктория Байдукова (54 кг), Әйгерім Қабдолда (60 кг) жеңіске жетсе, Илья Калинин (57 кг) мен Мадияр Тайпақов (63,5 кг), Аида Сарибарова мен Ақжан Түркістанова (екеуі де 75 кг) мен Әсел Тоқтасын (+81 кг)  ұтылып қалды.

Бүгін шаршы алаңға Анита Адишева (50 кг), Бақыт Сейдіш (66 кг), Гаухар Шайбекова (70 кг), Дамир Байпақов пен Ислам Машкентаев (екеуі де 51 кг), Оралбек Әбдіқадыров (57 кг), Дәулет Төлемісов пен Егор Егоров (екеуі де 75 кг), Томирис Мырзақұл (52 кг), Әсем Таңатар (63 кг), Кәмила Бәжбенова (81 кг), Бақтияр Анарбаев (60 кг), Абылай Сман, Руслан Шахар, Нұрбек Мұрсал (үшеуі де 67 кг), және Нұржан Думан (92 кг) шығады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама