×

Хаменованың соты: күдіктілерді ұстау барысында түсірілген видео көрсетілді

Сот күдіктілерді ұстау барысында түсірілген бейнежазбаларды қарады.

 Халық үні 08.09.2022 | 19:54
Halyq Uni

Атырау қалалық №2 сотта Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлады Ақ Жайық.

Іс бойынша сотталушы ретінде облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пен «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов қатысып отыр. 

Процеске Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбек Ахмедияров, «Асыл өлке» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Орынша Макеева және Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Жәнібек Аманиязов куәгер ретінде шақырылды.

Адвокат Нұрлан Жолболов Рысқалиевқа: Хаменоваға сілтеп, «Аманиязовтан 200 мың теңге сұрадыңыз ба?» деп сұрады. Ол ондай болмағанын айтты.

Түстен кейін сот күдіктілерді ұстау барысында түсірілген бейнежазбаларды қарады. Бейнежазбада антикор қызметкерлері Рысқалиевтан «пакеттегі не ақша?» деп сұрайды. Ал ол бұл ақшаны танысынан қарызға алып жатқанын айтады.

Адвокат Жолболов Рысқалиевтан осы ақпараттың тергеу кезінде берген жауабымен неге сәйкес келмейтіндігін сұрайды.

Мені антикор қызметкерлері ұстаған кезде қатты қобалжып, абыржығаннан солай жауап бердім. Бірақ кейін өз-өзіме келіп, барлық жайды бастан-аяқ баяндап айтып беруді шештім, -деп жауап берді Рысқалиев.

Хаменованың адвокаты Вранчев тергеудегілерден жауап алуға қатысқан Антикор тергеушісі Мұхамберлин мен Абай ескерткіші жобасының авторы Нартовтан куәгер ретінде жауап алуға өтініш берді. Бұл өтінішті Рысқалиевтың адвокаты Жолболов та қолдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама