×

Батыс Қазақстанда 800 гектар жер өртеніп жатыр

Өртті сөндіруге жылдамдығы секундына 15 метрге дейін жеткен жел кедергі болуда

 Халық үні 05.09.2022 | 20:31
фото: ТЖД

Батыс Қазақстан облысында далалық жер отқа оранды, деп хабарлайды БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, оқиға 5 қыркүйек күні сағат 09.40-та Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінде тіркелді.

Қоңыр ауылынан 15 шақырым жерде шамамен 800 гектар алқапта құрғақ шөп өртенді. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға бастапқыда №18 өрт сөндіру бөлімі мен төтенше жағдай бөлімі (10 қызметкер, 1 техника) және ерікті өрт сөндірушілер құрылымы (35 адам, 12 техника) жұмылдырылды. Сонымен қатар Шыңғырлау ауданы мен Орал қаласынан көмек келіп жетті. Өртті сөндіруге жылдамдығы секундына 15 метрге дейін жеткен жел кедергі болуда. Қазіргі кезде ТЖД (33 қызметкер, 6 техника), «Орал өрт сөндіруші» ЖШС (5 адам, 1 техника), ерікті өрт сөндірушілер құрылымы (50 адам, 16 техника), орман шаруашылығы (1 адам, 1 техника) күштері жалынмен арпалысуда,- делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама