×

БҚО-да қостанайлықтарға қаражат жинау үшін есепшот ашылды

Kaspi Bank: 4400 4302 8692 1520

 Дастан Жұмабекұлы 05.09.2022 | 10:08
фото: facebook.com

Батыс Қазақстан облысында өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға қаражат жинау үшін есепшот ашылды. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиев Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Облыс әкімінің айтуынша, ол Қостанай облысындағы әріптестерімен сөйлесіп, өңір тұрғындарының алаңдаушылығын білдірген.

Сонымен бірге Ақ Жайық жұртшылығы зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын екенін жеткізген.

«Қадірлі жерлестер!

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өрті орын алғаны баршаңызға мәлім. Құтқарушылар мен барлық құрылымдық күштер бірнеше күн бойы тілсіз жаумен күресіп жатыр.

Мен Қостанай облысындағы әріптестермен сөйлесіп өңір тұрғындарының алаңдаушылығын білдірдім. Сонымен бірге Ақжайық жұртшылығы зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын екенімізді айттым.

Қостанайлық әріптестер түсетін қаражаттар бір есепшотқа жиналып, қоғам өкілдерінен тұратын комиссия құрылатынын және түскен қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы есеп берілетінін де айтты.

Сондай-ақ, қазіргі таңда азық-түлік пен киім-кешектің аса қажеттілігі жоқ екенін және қажетті нәрселер жиналған қордан қарастырылып алынатынын жеткізді.

Өкінішке орай, осындай төтенше жағдай кезінде алаяқтардың да пайда болатыны белгілі. Сол себепті, көмек көрсетуге ниет білдірген жерлестер үшін орталықтандырылған бір есепшот ашылғанын хабарлаймын.

Есепшот туралы ақпарат:

Kaspi Bank: 4400 4302 8692 1520

+77016357801 Айгуль Туркина (қоғам белсендісі)», –  деді облыс әкімі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама