×

Қай өңірлерде жемқорлық қылмысы жиі жасалады?

Биыл 91 мемлекеттік қызметкер парамен ұсталған

 Дәурен Ерболат 02.09.2022 | 17:42
Фото: Halyq Uni

Облыс әкімдіктеріндегі жемқорлық деректері бойынша рейтинг жасалды, деп хабарлайды Ranking.kz.

2022 жылғы қаңтар-шілдеде әкімдіктер мен құрылымдас бөлімдердің 91 қызметкері жемқорлық қылмыспен ұсталған. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда рекордты көрсеткіш болып саналады. Былтыр жемқорлық әрекетімен 87 мемлекеттік қызметкер ұсталған.

Түркістан облысындағы әкімдік қызметкерлері жемқорлық қылмыспен жиі ұсталған – 13 адам. Сондай-ақ Қызылорда облысы (11 адам) мен Шымкентте (9 адам) жемқорлық қылмысы жиі тіркелген.

Рейтингтің ең соңында Нұр-Сұлтан әкімдігі тұр. Онда 1 жемқорлық фактісі тіркелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама