×

Серік Жұманғарин сауда және интеграция министрі болып тағайындалды

15 тамызда Жұманғарин сауда министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды

 Халық үні 02.09.2022 | 11:25
Фото: eec.eaeunion.org

Серік Жұманғарин премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі
болып тағайындалсын», - делінген жарлыққа.

Айта кетейік, 15 тамызда Серік Жұманғарин премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды. Оған дейін бұл қызметті Бақыт Сұлтанов атқарды.

2022 жылдың 20 тамызында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінде Қазақстан Республикасының өкілі болып Серік Жұманғарин тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама