×

Сұлтановтың орнына келген Жұманғарин тағы бір қызметке тағайындалды

Серік Жұманғарин Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесіндегі Қазақстанның өкілі болды

 Халық үні 20.08.2022 | 12:02
Фото: eec.eaeunion.org

Бұл туралы комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде Қазақстан Республикасының өкілі болып премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғарин тағайындалды . ЕЭК тиісті ресми хабарламаны алды», - делінген хабарламада.

15 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Сұлтановты премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметінен босатып, орнына Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары – Сауда министрлігінің басшысы міндетін атқарушы қызметіне тағайындалған. Бір ай бұрын Қазақстандағы қант тапшылығына байланысты мемлекет басшысы Сұлтановқа сөгіс жариялаған болатын.

Жұманғарин әр жылдары экономикалық даму және сауда министрлігінде, өңірлік даму министрлігінде, ұлттық экономика министрлігінде қызмет атқарды. 2019 жылы Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама