×

Сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевқа лайықты қарсыластар болады – депутат

«Ақ жол» партиясы сайлауға кімдер қатысатынын құрылтайда анықтайды

 Дәурен Ерболат 01.09.2022 | 13:21
Фото: Halyq Uni

Президент сайлауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа лайықты қарсыластар болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, партия сайлауға қатысуға дайын. Бірақ оған кімдер қатысатынын анықтау керек.

«Ақ жол» партиясы сайлауға қашан да дайын. Біз сайлаушылардың алдында мінтетімізді толық орындап отырмыз. Бұл оңай емес. Себебі партияның мүшелері Парламентте аз. Бүгінде тек 12 депутатымыз бар. Осыған қарамастан біз жұмыс істеп жатырмыз… Президент сайлауына қатысу мәселесін тек партияның құрылтайы шешеді. Әрине, оны талқылауға міндеттіміз, - деді депутат Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң.

Сондай-ақ журналистер Азат Перуашевқа «Қасым-Жомарт Тоқаевқа лайықты қарсыластар бола ма?» деген сұрақ қойды.

Менің ойымша, болады. Себебі біз еркін елде тұрамыз. Дамудың демократиялық жолын таңдап алдық. Сайлау баламалы түрде өтеді. Сайлауда лайықты кандитаттар болады, - деді «Ақ жол» партиясының төрағасы.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама