×

Тоқаев күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды

Қазақстанда енді президент 7 жылға – тек бір мерзімге сайланады

 Дәурен Ерболат 01.09.2022 | 12:09
Тоқаевтың ант беру сәті, 2019 жыл

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның пікірінше, әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет.

Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын.

Сондай-ақ мен көп ойланып, президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады, - деді Тоқаев.

Еске салайық, 2019 жылы 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 пайыз дауыс жинап, ҚР президенті болып сайланды. 2019 жылы 12 маусымда Конституцияның 42-бабына сәйкес ант беріп, Мемлекет басшысының лауазымына кірісті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама