×

Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады

Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі Қанат Жұмабаевқа қатысты ресми ақпарат берген жоқ.

 Халық үні 26.08.2022 | 07:30
Фото: inform.kz

Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Ербол Еділов өзінің  Телеграм-арнасында хабарлады.

Ербол Еділов өзінің арнасында Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаевтың қамалғаны туралы жазды. Айтуынша, антикор басқарма басшысын жемқорлық дерегі бойынша ұстаған.

Қазір бұл ақпарат нақтыланып жатыр. Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, басқармаға қарасты мекемелерден бірқатар адамға еңбекақы төленген. Алайда олар іс жүзінде жұмыс істемеген, - делінген жазбада.

Ал Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі Қанат Жұмабаевқа қатысты ресми ақпарат берген жоқ. Антикор да Қанат Жұмабаевқа қатысты ресми мәлімдеме жасамады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама