×

Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі өзін-өзі атып өлтірді

21 жастағы Абылай Сабыровтың өліміне қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі

 Халық үні 22.08.2022 | 20:37
фото: ашық дереккөз

Алматыда 22 тамызда қызметтік міндетін орындау кезінде әскери қызметші Абылай Сабыров өзін-өзі атып, алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға сағат 15:15 шамасында болған.

Қызметтік міндетін орындау кезінде келісімшарт бойынша әскери қызметші Сабыров Абылай Берікұлы (2001 жылы туған) 3650 әскери бөлімінде Алматы қаласында өзіне бекітілген тапаншамен өзін-өзі атып, алған жарақатынан қайтыс болды, - делінген ақпаратта.

Құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерін жүргізеді. Болған оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу басталды.

Қазақстан Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Айта кетейік, 10 тамызда Алматы облысында Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза болды

Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес, 5571 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының жеке құрамы (Алматы қаласы) жеке құрамы 2022 жылдың 8-13 тамызы аралығында Алматы облысы Жетіген кентіндегі 5574 әскери бөлімінің оқу орталығында дала жаттығуында болған.

2022 жылдың 9 тамызында сағат 20:55 шамасында қатты дауыл көтеріліп, жел салдарынан сарбаздар орналасқан шатыр қалашығы бүліне бастаған. Қатардағы Алмас Шахимов әріптестерінің қауіпсіз орынға шығуына көмектесіп жүріп соңғы болып шыққан. Сол кезде шатырдың темір жақтауы басына тиіп, әскери қызметші жарақат алған.

Шахимов жолдастарын құтқарып, өкінішке қарай өзі қатты соққыдан қаза болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама