×

Алматы облысында Ұлттық ұланның әскери қызметкері қайтыс болды

Шахимов 2003 жылы туған. Ұлттық ұлан қатарына 2022 жылдың көктемінде шақырылған

 Халық үні 10.08.2022 | 08:58
ашық дереккөзден

Алматы облысында Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза болды, деп хабарлады Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес, 5571 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының жеке құрамы (Алматы қаласы) жеке құрамы 2022 жылдың 8-13 тамызы аралығында Алматы облысы Жетіген кентіндегі 5574 әскери бөлімінің оқу орталығында дала жаттығуында болған.

2022 жылдың 9 тамызында сағат 20:55 шамасында қатты дауыл көтеріліп, жел салдарынан сарбаздар орналасқан шатыр қалашығы бүліне бастаған. Қатардағы А.Н. Шахимов әріптестерінің қауіпсіз орынға шығуына көмектесіп жүріп соңғы болып шыққан. Сол кезде шатырдың темір жақтауы басына тиіп, әскери қызметші жарақат алған.

Қатардағы А.Н. Шахимовқа жедел медициналық көмек көрсетіліп, санитарлық көлікпен Қонаев қаласындағы қалалық ауруханаға жеткізілген. Қалалық аурухана дәрігерлері сарбаздың қаза болғанын растады. Қатардағы А.Н. Шахимов өзінің жанқиярлық әрекетімен жолдастарын құтқарып, өкінішке қарай өзі қатты соққыдан қаза болды, - делінген хабарламада.

Қатардағы А.Н. Шахимов 2003 жылы туған. Ұлттық ұлан қатарында 2022 жылдың көктемінде шақырылған.

Жауынгердің қазасы туралы кезекші қызмет желісі арқылы тиісті органдарға хабарланды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызметтік тексеріс тағайындалды.

ҚР Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мерзімдік қызмет әскери қызметшісі А.Н. Шахимовтың ата-анасы мен жақындарына орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама