×

V Исламиада: Қазақстан бір күнде бес алтын жүлде алды

 Дастан Жұмабекұлы 18.08.2022 | 09:34
фото: МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясы

Түркияның Кония қаласында өтіп  жатқан V Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан спортшылары бес алтын жүлдені жеңіп алды.

Кикбокстан 51 килода сынға түскен Атырау облысының спортшысы Нұрсұлтан Жұмабаев қарсылас шақ келтірмеді. Одан кейін Әлихан Өздоев (67 кг) пен Мақсат Үсіп (71 кг) те чемпион атанды. Ал

81 килодағы Руслан Степанов күміс медальге ие болды. Кикбоксшыларымыз осылайша 3 алтын мен 1 күміс жүлдені иеленді.

Каратэден 60 килода сынға түскен тағы бір отандасымыз Қайсар Алпысбай финалда Кувейт спортшысын 4:1 есебмен ұтып, ел қоржынына 24-алтын жүлде салды.

Бұған дейін суға жүзуден баттерфлэй әдісімен 50 метрге жарысуда Әділбек Мусин Ислам ынтымақтастығы ойындарының рекордын жаңартқанын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ ол Қазақстан рекордына да түзету енгізді.

Бұған дейін ол 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде үздік нәтиже көрсетті. Ол 100 метрді 53,20 секундта жүзіп шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама