×

V Исламиада: жүзуші Әділбек Мусин рекорд жаңартты

Ол мәреге бірінші болып жетті 

 Халық үні 18.08.2022 | 08:10
Фото: МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандықтардың жүлде қоры тағы бір алтын жүлдемен толықты. 

Исламиадада отандамстарымыз спорттың бірнеше түрінен сынға түсіп жатыр.

Суға жүзуден баттерфлэй әдісімен 50 метрге жарысуда Әділбек Мусин алдына жан салған жоқ. Ол Ислам ынтымақтастығы ойындарының рекордын жаңартты. Сондай-ақ Қазақстан рекордына да түзету енгізді.

Бұдан бұрын ол 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде үздік нәтиже көрсеткен еді. Ол 100  метрді 53,20 секундта жүзіп шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама