×

Бес боксшымыз алтын жүлдемен оралды

Сербияда 9 былғары қолғап иесі медалист атанды

 Дастан Жұмабекұлы 17.08.2022 | 10:14
фото: ашық дереккөз

9 – 15 тамыз күндері Сербияның Врбас қаласында бокстан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында  Ұлттар кубогы мәресіне жетті.

Осымен алтыншы рет жалауын көтерген халықаралық турнирге қатысқан 18 мемлекеттің арасында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы да болды.

Сербия төрінен боксшыларымыз 5 алтын, 4 қола жүлдемен оралды. Ұлттар кубогын Айдар Қадырхан (54 кг), Төрехан Сабырхан (60 кг), Өнер Сейілхан (63 кг), Мадияр Ербосынов (66 кг) және Мадияр Бексұлтанов (80 кг) иеленді. Ерасыл Амангелді (48 кг), Сәкен Ермек (57 кг), Ахмет Үсен (63 кг) пен Денис Кучер (70 кг) қола жүлдегер атанды.

Финалға шыққан 5 боксшымыздың барлығы да жеңіске жетсе, 63 килода сынға түскен 2 боксшымыздың екеуі де жүлдеге ие болды.

Жалпы, Қазақстан құрамасы бұл турнирге 11 боксшымен барып, соның тоғызы жүлдегерлер қатарынан табылғаны өте жақсы көрсеткіш.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама