×

Желіде 5 жастағы қыздың денесі табылған орыннан видео пайда болды

Бүлдіршіннің денесі жасанды су қоймасынан табылған

 Халық үні 10.08.2022 | 19:32
коллаж: Halyq Uni

Қостанай облысында жоғалған 5 жастағы Мадинаның денесін тапқан орыннан видео пайда болды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Полиция департаментінің мәліметінше, қыздың мәйіті Жамбыл ауылындағы өз үйінен үш шақырым жерде дронның көмегімен тапқан.

Оқиға орнына аға лейтенант Самат Ещанов келіп, ерікті Дамир Бектұрғановпен бірге қыздың мәйітін жасанды су қоймасынан тапты.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама