×

СҚО-да мәйітті қаздырып, басқа жерге қойғызған кәсіпкер жауапкершіліктен құтылып кетті

Жәбірленуші Игорь Лазарев әділдік сұрап жүр

 Самат Жақып 07.08.2022 | 13:43
фото: әлеуметтік желі

Солтүстік Қазақстан облысында мәйітті қазып, басқа жерге жерлеген оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс жабылды, деп хабарлайды Halyq Uni. Жәбірленуші Игорь Лазарев әділдік сұрап жүр. Себебі мәйітті басқа жерге қайта көмген кәсіпкерге қатысты қозғалған қылмыстық іс жабылды.

Айта кетейік, сәуірде Ғабит Мүсірепов ауданының орталығы Новоишим елді мекеніндегі зираттан Игорь Лазарев деген азамат өзінің әкесінің мүрдесін таба алмай қалған. Оның айтуынша, әкесі 2021 жылдың 11 қыркүйегінде ата-анасының қабірінің жанына жерленді. Сол маңда жергілікті кәсіпкердің ұлының қабірі бар. Қабірге апаратын екі кең жол төселген. Игорь Лазарев әкесін сол жерге жерлеу үшін жолдың біріндегі тас төсеуішті алып тастаған. Жерлеу рәсімінен кейін кәсіпкер Игорьға сес көрсете бастаған.

Осы іске қатысты өңірде үлкен резонанс болып, Игорь Лазаревтің әкесінің мәйітіне эксгумация жасалды. Нәтіижесінде ер адамның денесі басқа жерге көшірілгені анықталды. Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабының 1-бөлігі («қайтыс болғандардың мәйітін және олардың жерленген жерін қорлау») бойынша іс қозғады. Алайда жақында істің тоқтатылғаны белгілі болды.

«Қылмыстық істің жабылғаныдығы туралы хабарлама келді. Яғни, жауаптылар кәсіпкерге қатысты құқық бұзушылық құрамының болмағанын айтып отыр  Бұл не сұмдық? Сонда әр адам зират басында ойына келгенді істей ала ма? Қалталы азаматтың кесірінен менің әкем үш рет жерленді. Сондықтан мен мұнымен тоқтамаймын. Әділдік іздеп, соңына дейін барамын. Шегінерге жол жоқ» , - дейді Новоишим ауылының тұрғыны Игорь Лазарев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама